Алматы облысында қаруланған қылмыстық топ ұсталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Тәртіп сақшылары ұйымдасқан қылмыстық топты бірнеше ай бойы бақылаған. Оларды ұстау барысында қару мен ірі көлемде есірткі табылған

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Алматы облысының полиция департаменті арнайы операция барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары операция Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының маңайында жүргізілгенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі – Бас прокуратура 

«Полиция қызметкерлері Қорғас-Алматы тасжолында Volkswagen Golf көлігін тоқтатып, ондағы үш күдікті ер адамды қолға түсірді.  Олар – 22-24 жастағы Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандарының тұрғындары. Күдіктілерге пәтер және жеке үйге бірнеше рет ұрлыққа түсті деген айып тағылды», – делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Құзырлы орган қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесі бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

«Полиция операцияға екі айдың ішінде дайындалып, жүзеге асырды. Күдіктілерді ұстау барысында көліктен он алты калибрлік аңшы мылтығы, пневматикалық тапанша және жолаушы отыратын орындықтың астынан шамамен екі келі марихуана табылды», – делінген хабарламада.

Көліктен табылған қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Полиция қылмыстық топ Алматы облысында өткен жылдың жазынан бері белсенді әрекет еткенін атап өтті. Олардың болжамынша, ұсталған жігіттердің ірі сегіз ұрлық фактісіне қатысы бар болуы мүмкін.   

Қылмыстық топтың мүшелері үйден тек қымбат әшекейлер мен ақша ұрлаған.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы (ұрлық, есірткіні және қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз