Алматы облысында қаруланған ер адам ұсталды

0

Тексеріс нәтижесінде, тапанша оқ атуға жарамсыз болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым — Sputnik. Алматы облысында полицейлер «Вальтер» тапаншасымен қаруланған ер адамды ұстады, деп хабарлады өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Алматы орталығында мұздай қаруланған ер адам ұсталды

Полиция мәліметіне сүйенсек, Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылында қарулы адам жүргені туралы хабар түскен.

«32 жастағы Алматы тұрғынын тінту барысында «Вальтер» тапаншасы табылды. Сараптама нәтижесінде, тапаншаның оқ атуға жарамсыз екені анықталды», — делінген хабарламада.

Ұсталған адматылық тапаншаны көшеден тапқанын айтыпты.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында 1933 жылғы тапанша табылды

Қазір полицейлер  деректерді тексеріп жатыр.



sputniknews.kz