Алматы облысында пойыз автобуспен соқтығысты

0
114

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз автобуспен соқтығысты.

Алдын ала деректер бойынша, оқиға бүгін кешкі 19.20 кезінде Екатеринбург-Алматы тас жолында болған.

«Автобус жүргізушісі сигналға қарамастан, темір жолға шыққан. Салдарынан пойыз автобуспен соқтығысты», – деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.



sputniknews.kz