Алматы облысында өрт сөндіруші бір баланы кездейсоқ ажалдан құтқарып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының Көксу ауданы Балпық би ауылында өрт сөндірушісі тұрғын үй кешенінде бір баланың өмірін құтқарды.

Алматы облысында өрт сөндіруші бір баланы кездейсоқ ажалдан құтқарып қалды

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше,  оқиға 2019 жылы 6 наурызда Жексембаевтар отбасында өтті.

Отбасының әкесі кейінірек айтқанындай, 2004 жылы туған кіші ұлы Темірлан және 2003 жылы туылған ұлы Ерасыл,үйде ұйықтап жатады. Кенеттен Темірлан тыныс ала алмай қөалады, бірақ ағасы ұйқыда болғандықтан оның жағдайын білмейді.

Сол кезде Балпық би кентінің № 32 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғаныс кіші сержанты Нұржан Сапаш тұрғын үй секторын айналып өтіп, тұрғындарға жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қатысты шаралар туралы түсіндіріп жүреді.

«Есікке қағылғанын естіп, Ерасыл оянады. Інісінің жағдайын көріп, көшеге жүгіре көмек сұрайды. Үйге жақын жүрген Нұржан Сапаш көмекке келіп, алғашқы көмек көрсетті. Атап айтқанда, ол балаға аузын ашып, тілін тамақтан шығарып тастады. Құтқару операциясы бір минутқа созылды.

1998 жылы туған Нұржан Сапаш Алматы облысының тумасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz