Алматы облысында оқушылардың төбелесі кісі өлімімен аяқталды (видео)

17 жастағы бозбала төбелес кезінде жан тапсырған, деп хабарлайды Kznews.kz.
Жастар арасында болған төбелесте бозбалаға оқ тиіп, қайтыс болды. Қару ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі.
Полиция оқиғаның 22 қатысушысын анықтап, ұстады. Оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына (ІІО) қамалды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 9,14-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.