Алматы облысында марқұмдардың мазасын алған ұры қолға түсті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысының полицейлері зиратқа ұрлыққа түскен ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

зират ұрысы

Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғындар Белбұлақ кентінің маңындағы зират қоршауларын белгісіз біреулердің ұрлайтыны туралы хабарлапты. Оқиға бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағы бойынша іс қозғалыпты. Тірілерді қойып, өлілердің мазасын алған азамат үш айы бойы зираттарда ұрлық жасап, пайда көріп жүріпті. Күдікті көрші ауылдың тұрғыны болып шығыпты. 35 жастағы Тұздыбастау ауылының тұрғыны бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. 

Тергеу барысында ол шойын қоршауларды кувалданың көмегімен бұзып, металлды үйіне апарып, кейін жалдамалы жеке такси арқылы металл қабылдау пунктіне жеткізгені белгілі болды.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда, күдікті изоляторға қамалыпты.

 

stan.kz