Алматы облысында күшікті тірідей өртеп жібергендер кәмелет жасына толмаған балалар екені белгілі болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында күшікті тірідей өрттеп, жұрттың ашуы тудырғандар қолға түсті. Олар кәмелет жасына толмаған балалар болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

живодеры

Оқиға Алматы облысы Алакөл ауданының Қабанбай ауылында орын алған.

«Осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген аталған елді-мекеннің кәмілетке толмаған екі жасөспірімі ұсталды. Олар 2004 жылы туған Ш. және 2005 жылы туған Д. есімді балалар. Олар шұғыл ұйымдастырылған тергеу жұмыстарының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды. Жасөспірімдер өздерінің жантүршігерлік әрекеттегі кінәлерін толығымен мойындап, ауыр қылмысты қызық үшін жасағандарын жеткізді. Бұл – қылмыстық жауапкершілік көзделетін қаскөйлік жағдай», – деді Алматы облысы Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспанов.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-тармағымен көзделген қылмыс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

https://www.youtube.com/watch?v=ZgqOzaMtEMQ

Соңғы кездері елімізде үй жануарларына көрсетілген қатыгездік оқиғалары көбейіп кетті. Мәселен, бұған дейін Атырау облысының тұрғыны иттің басын тоңызытқышқа қысып тұншықтырса, Петропавл тұрғыны үй жануарын төртінші қабаттан лақтырып жібергені белгілі болды. Осыған орай қоғам белсенділері Қазақстанда жануарларға көрсетілген қатігездік үшін жазаны ауырлату талап еткен еді. 

stan.kz