Алматы облысында көшенің қақ ортасында ер азаматты атып кетті

0
734

Алматы облысында 30 жастағы ер азаматты тапа тал түсте атып кеткен.

Оқиға Түймебаев ауылында болған. Атыс жайлы полицейлерге ауыл тұрғындары хабар берген. Кейіннен анықталғандай, 24 жастағы ауыл тұрғыны марқұммен араздасып, атып кеткен. Оның денесін елді мекеннің сыртына алып барып, үтсіне топырақ сеуіп тастаған. Оның бұл әрекетке не үшін барғаны анықталуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол он бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша тіркелген», – деді Алматы облысының ПД-нің ресми өкілі Аұбота Қуанышбекова.