Алматы облысында коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Алматы облысында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстанда 21 наурыздағы сағат 12:00-дегі жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді», — делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Бірақ кейіннен денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ауруы Талдықорған қаласында емес, Алматы облысының Қарасай ауданында тіркелгенін хабарлап, ақпаратты өзгертті

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам,  Қарағанды қаласында —  2, Талдықорған қаласында — 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді.

stan.kz