Алматы облысында көлік жүргізуші бес оқушыны қағып кетті

0
18

Алматы облысында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі бес оқушыны қағып кетті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«25 қазанда сағат 19:50 шамасында 28 жастағы Lexus көлігінің жүргізушісі Алматы — Шелек — Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кеткен», — деп хабарлайды Алматы облысы полиция қызметкерлері.

Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған бес бала ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен.

Қазір іс бойынша қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.