Алматы облысында келіншек етік тігіп, бір отбасын асырап отыр — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Ауыр кран айдап, көше сыпырып, қар күреп темір балқытқан, тіпті ер азаматқа бергісіз істің бәрін жасаған әйелдерді көріп жүрміз. Алайда, былғарыдан етік тігіп, бүтін бір отбасын асыраған келіншек көпті таңғалдырары һақ.
Біз бен қайшыны жанына серік еткен Орынгүл Маратжанның тағдыры туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Носкисіз 24 сағат шешпей жүрсеңіз де аяғыңыз терлеп қыздырмайды. Сонымен менен бір клиент тапсырыс бере ма? Ертеңіне оның көршілері, туыстары келеді. Менде клиент көп», — дейді тігінші.
Әр тіккен аяқ киімін сүйсіне таныстырған Орынгүл Маратжанның есімі Алматы облысында көпке белгілі. Әсіресе, картобымен мақтанатын нарынқолдықтар қазір етікшінің етігімен көзге түсіп жүр. Келіншек бұл кәсібін осыдан 14 жыл бұрын бастапты. Әуелі бәтеңкелердің жыртығын жамаған, кейін бүтіндеп тігуді қолға алыпты. Үйден цех ашқандықтан қиындықтар да болды, дейді.
«Жұмысым күшті жүріп тұрған кезде, үстімнен жалоба түсті. Көршім жалобо жасаған. Клейдің иісі қақалып жатырмыз деп. Содан аудан әкімдері келіп, тұрғын үйден цехтар алыс тұрады. Сөйтіп осы үйді алдым. Сонымен кәсібім де осы, нәсібім де осы. Осымен өмір сүріп келе жатырмын», — дейді ол.
Сөйтіп, келіншек ауыл сыртындағы ескі бір үйді сатып алған. Сылақтары түсіп, құлаудың алдында тұрған нысанда бір тігін машинасы бар. Сегіз жұмысшы. Отандық өнімді қолдау үшін үкіметтен грант та бөлініпті. Тек табан мен желімді шетелден алдырады. Таза былғары Талдықорғандағы зауыттан келеді. Бағасы да қол жетімді екен. Бір бәтеңкеге бір түнін арнайды. Сатып алушы жұрт та түгел риза.
«Бала шағамызға өзімізге осы кісіден осы қыздлан аламыз. Өте сапалы. Бағасы да тиімді. Қалта көтереді. Тіккен өнімдері сапалы», — дедйі Нарынқол тұрғыны.
Жұмыстың ең қиыны пішінін әуелі қағазға түсіреді, кейін сызбаны матамен тігеді. Сөйтіп, тапсырыс берушінің көңілінен шыққан соң ғана былғарыны қолға алады. Сонда бір етікке кем дегенде 3-4 этаптан тұрады. Ол да ештеңе емес, тек қолдаушылар қатары болса, жаңа ғимаратқа көшкісі келеді.
«Жіті бақылап жүрміз. Бұл кісінің мәселесі басты назарда. Бұл кісінің өнімдерін ылғи аудандағы, ауылдағы болып жатқан іс шараларға көрме ретінде апарып көрсетеді. Барша продукциясын жарнамалауға әрқашан да ат салысамыз», — Нарынқол әкімі Жалғасбек Әділбеков.
Бағасы қалта көтеретін етіктерде қазақша оюлар да бар. Ел азаматтары көбінде тапсырыс береді екен. Мәсі, ат шабарда киетін қонышты етіктерді де не бары 35 мыңнан тігеді. Кейбір көкпаршылар шетелден екі есеге тапсырыс беріп ұрынуда дейді. Ал, атақты сазгер әрі әнші Нұрлан Өнербаевқа арнайы тігілген аяқ киімі қазір хит болып жатқанға ұқсайды.
stan.kz