Алматы облысында кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында адам өліміне және зорлауға қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кәріз

11 наурыз күні Алматы облысының Жаңа дәуір ауылында кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық іздері болған. 

Мәйіт 57 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болған. Ол шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеген.

Аталған факті ҚР ҚК-нің «Адам өлтіру» бабының бірінші бөлігі бойынша СДТБТ-не тіркелді.

Жедел-тергеу тобы белгілі тұрағы жоқ 42 және 25 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қатыгездікпен кісі өлтіргенін мен зорлағанын мойындады. 

Тергеу барысында күдіктілер спирттік ішімдіктерді бірге ішкеннен кейін ерлі- зайыптылардың үйіне кіріп, ер адамды ұрып, әйелін зорлағаны анықталды. Содан кейін жәбірленушілерді ауылдан шығарып, екеуін де кәріз құдықтарына тастаған, сол жерде олар ер адамды аяусыз ұрып-соғу мен әйелді қорлауды жалғастырған.

Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Әйелі күдіктілерден қашып, полицияға хабарлай алған. Сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі.

Фактілер ҚР ҚК-нің «Зорлау» бабының бірінші бөлігі және «Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бабының бірінші бөлігі бойынша тіркелген. Адам өлтіру ҚР ҚК-не сәйкес қайта сараланды .

 

stan.kz