Алматы облысында із-түзсіз жоғалған жігіт туралы суыт хабар жетті

0
108
Advertisement

Ізім-ғайым жоғалған 23 жастағы жігітті аяусыз өлтіріп кеткен

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен Вакил Мамедов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды өңірдің полиция департаменті.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 23 жастағы азаматтың денесі өзі тұратын ауылдың маңынан табылған. Ол осыдан бірнеше күн бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын.

Вакил Мамедовты ауылдасы өлтірген болуы мүмкін. Жас жігіттің денесінен қинап өлтіру белгілері табылыпты.

19 жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың таңғажайып оқиғасы

«Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Қазір тергеу жүріп жатыр», – деп мәлімет берді облыстық полиция департаменті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласында 22 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Анастасия Галееваның хабар-ошарсыз кеткені туралы құрбысы әлеуметтік желіде хабарлаған. Қазір бойжеткенді іздеу әлі де жалғасып жатыр, 40-50 шақты ерікті жұмылдырылыпты.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз