Алматы облысында ірі көлемде пара алған кеденшілер сотталып тынды — новости Казахстана
Алматы облысында парақорлық бойынша айыпталған 17 кеден қызметкеріне қатысты сот ісі аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.
2018 жылдың ақпанында ҰҚК қызметкерлері Алматы облысындағы кеден бекеттерінде жүйелі сыбайлас жемқорлықпен айналысатын қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл болған кең ауқымды операция өткізді.
«Алтынкөл» кеден бекетінде тауарларды кедендік ресімдеуден кедергісіз өткізу үшін пара алған 17 адам айыпталушылар қатарына кірді. Олар бір контейнер үшін 1-3 мың АҚШ долларына дейін ақша алып отырған.
Қылмыстық топ мүшелерінің ай сайынғы табысы жүздеген мың доллары құрап келіпті. 15 айыпталушы өздерінің іс-әрекетіне шын өкініп, 45 мың доллар және 3 миллион теңге көлемінде алынған параны өз еріктерімен тапсырған.
31 қаңтарда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен айыпталушылар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz