Алматы облысында бүтін бір отбасы уланып қалды: қаза тапқандар бар

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алты тұрғын ауруханаға жеткізілген, арасында 1 жастағы нәресте мен 6 жастағы бала бар

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Алматы облысы Үшарал қаласында 7 адам иіс газынан уланып, 57 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

«2 наурыз күні Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы жер үйде пештің дұрыс жанбауынан 7 адамға иіс тиіп, уланып қалған. Олардың арасында 2013 және 2018 жылы туған балалар бар», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігінде 1962 жылы туған ер адам көз жұмған. Төтенше оқиғадан зардап шеккен қалған 6 адам ауруханаға жеткізілді.

Мамандардың айтуынша, тұрғындардың иіс газынан уланып қалуының басты себебі — мұржаның күлге толып, бітеліп қалуы.



sputniknews.kz