Home Жаңалықтар Алматы облысында бүтін бір ауыл тоғыз күн жарықсыз отыр

Алматы облысында бүтін бір ауыл тоғыз күн жарықсыз отыр

0
40
Сурет: Alexas_Fotos

Алматы облысында тоғыз күннен бері жарықсыз отырған тұрғындардың тағаттары таусылған. Жеке кәсіпкерге ақшасын уақытында берсек те, электр желісінен ажыратып тастады деп наразылықтарын білдіруде. Осының кесірінен үйдің іші азынап, берекелері қашыпты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Светімізді біріне-бірі қарыз болғаннан өшіріп тастап, екі ортада халық қиналып, оның қарызын бізге төлетпекші.

Кемертоған ауылындағы «Саяжай» кооперативі тұрғындарының алды мұнда 2019 жылы көшіп келген екен. Жаңа мектеп бой көтергелі балаларымызға ыңғайлы болуы үшін осында қоныс аудардық дейді көбі. Сол уақытта су мен жарыққа деп ақша беріп, жеке кәсіпкермен келісімшарт жасасыпты. Бірақ, енді бұл құжаттың ештеңеге жарамай қалғанына қапалы. Өйткені, электр қуатын тарататын мекеме қайтадан келісім-шарт жасау қажет деп қолқа салып жатыр екен.

Нұржан Қыстаев, саяжай тұрғыны:

«Көк дала сервис» бізге айтады қосылыңдар дейді. Керек болса бізге қосылыңдар, бірақ каждыйыңызбен отдельно договор жасасамыз. 320 мың теңге светке төлейсіздер дейді. Ал, енді халық уже ақшасын беріп тастады ғой. Мына жерде 4 көше, жүз отбасы ақшасын берген. Свет, суын тартқан, столбтары тұр. Бірақ тірлігі аяғына дейін жетпеген.

Бұл жерді бірнеше жеке кәсіпкер жарықпен қамтиды екен. Бірақ, бізге қызметін ұсынатын компанияның басшысы жиып алған ақшасын өткізбепті деп өкпесін айтты жұрт. Ал, тікелей байланысқа шықпақ болғандырымен, ұялы телефоны сөндірулі екен. Осы тоғыз күннің ішінде жұрт біраз қиындыққа тап болыпты.

Ринат Керімқұлов, Кемертоған ауылының тұрғыны:

Қыстың көзі қырауында мына үйдің бәрі қазір білесіз нососпен жұмыс істейді. Отопление өшті. Роддомнан шығарып әкелген балалар тастай үйде отырды. Міне, дәлел ретінде айта аламын барлығын. Мына мектепті соқты ма жан-жағындағы халықты былай бір шақырым, былай екі шақырым жердегі халықтың жағдайын жасап, біз жағдайға деген ақшамызды да төлеп қойдық.

Жарықсыз отырған тұрғындар қазір бір-біріне қол ұшын беріп амалдауға көшкен. Үйінде тамақ пісіріп, телефондарын қуаттау үшін көршісінің генераторын уақытша пайдаланып жан бағуда. Ал, үйдегі тоңазытқыш ара-тұра жұмыс істегендіктен, тез бұзылатын астарды далаға шығарып, сақтауға кірісіпті.

Мейрамға байланысты тікелей тоқ таратын компания жарықты бірер күнге көпшілікке қосып беріпті. Алайда, 9-нан бастап қайтадан ажыратамыз деген хабарламалар бағаналарда ілулі тұр. Қазір осы ақпараттан шошығандар не істерін білмей дал. Әкімдіктегілердің бұған қатысты жауабы мынадай :

Абылай Ысқақов, Іргелі ауылдық округінің әкімі:

Бәрін жалпы өшірмей, жеке-жеке әр үймен сөйлесіп, әр үйдің иесімен сөйлесіп, шақырып қандай жағдай болды, қандай келісім-шарт болды, қағазы бар ма, жоқ па, қанша төледі, соның бәрін анықтау керек.

Ал, қыруар қаржыны алып, қарасын батырған жеке кәсіпкердің үстінен аудандық прокуратураға арыз жазылыпты. Енді істің ақ-қарасы анықталады дейді. Ал тұрғындар жол ортасындағы бағаналар мен жерге жақын тұрған сымдар үшін де қауіптенуде. Күн ысыған уақытта балаларымыз ойынға шығады, сол кезде зияны тиіп кетпесе болғаны дейді.

1$, 5$, 10$... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету