Home Жаңалықтар Алматы облысында бірнеше жарыс жеңімпазы болған сәйгүлік ұрланды

Алматы облысында бірнеше жарыс жеңімпазы болған сәйгүлік ұрланды

0
83

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ұрлық фактісі қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне («мал ұрлау») сәйкес тіркелді. Екі күдікті ұсталды

АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Алматы облысында бірнеше дүркін жеңімпаз болған сәйгүлік ұрланды.

Оқиға 26 ақпан күні болған. Кеген аудандық полиция бөлімшесіне Ақсай ауылының 87 жастағы тұрғыны қорасында тұрған ағылшын-араб тұқымды сәйгүлігінің қолды болғанын айтып шағымданған, деп хабарлады Polisia.kz.

Ұрланған сәйгүлік түрлі жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер екі ер адамды ұстады. Кеген ауданының 19 жастағы тұрғыны мен 25 жастағы алматылық қолға түсті «,- делінген ақпаратта.

Ұсталғандар жылқыны жүк көлігімен ауданнан тыс жерге шығарып, белгісіз адамға сатқанын мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Жылқы іздестіріліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Аршалы маңында жолаушылар пойызы бір үйір жылқыны басып кетті – жантүршігерлік видео

Ұрлық фактісі қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне («мал ұрлау») сәйкес тіркелді.



sputniknews.kz