Алматы облысында Bentley көлігінің жүргізушісі жол сақшыларын елемей блок-бекетті кесіп өткен (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында блок-бекеттердегі полиция қызметкерлерін елемей, қалаға кірберіс жолды кесіп өткен Bentley көлігінің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  Policia.kz порталына сілтеме жасап.

жүргізушіБұған дейін әлеуметтік желілерде өзінің бассыздығын түсірген ер азаматтың видеосы әлеуметтік желіде тарған. Осылайша бейнежазба авторы өзінің кінәсіне өзі дәлел тауап берген. 

Аталған оқиға бойынша Алматы облысын ПД өкілдері пікір білдірді. 

“Төтенше жағдай режимін бұзу дерегі бойынша 1985 жылғы Х. есімді “Бентли” маркалы автокөлігінің жүргізушісі және 1990 жылғы К. есімді оның жолаушысы анықталды. Олар осы оқиғадан кейін , ҚР ӘҚБК-ның 476-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”,- делінген ресми хабарламада. 

Іс жүзінде шешім қабылдау үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады.

https://www.youtube.com/watch?v=g10TO9G_Sz4

 

stan.kz