Алматы облысында баспанасыз жүрген көпбалалы аналар жанайқайын жеткізді

0

Алматы облысындағы Текелі қаласында баспанасыз жүрген көпбалалы аналар жағдайының мүшкіл екенін көрсету үшін, қала әкімін үйіне алып барды. Бала-шағасымен әкімге кездесуге келгендер дәлел ретінде түнде тар бөлмеде қаз-қатар ұйықтап жатқан суреттерін ала келген. Өйткені көп жерде шенеуніктер аналардың жанайқайын жалған дабыраға балай бастаған еді.

Әкімді үйіне алып барды: Алматы облысында баспанасыз жүрген көпбалалы аналар жанайқайын жеткізді

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Көпбалалы аналардың бірі өзгенің табалдырығы тоздырып әбден шаршағанын айтады. Оның сөзінше, қазір бір жарым бөлмелі үйде 9 адам тұрып жатыр екен. 

«Әкімдіктің алдында тұрамын. «Келіп, дәретханаға жат», — десеңіз де жатамын. Шын айтамын», — деп жылайды көпбалалы ана Дина Ерменбетова. 

Әкімді үйіне алып барды: Алматы облысында баспанасыз жүрген көпбалалы аналар жанайқайын жеткізді

Ал 26 жастағы Аида – 4 баланың анасы. 9 жасында ата-анасынан айырылған көпбалалы әйел жетім ретінде де баспана ала алмаған. 

«Жетім ретінде йү кезегінде тұрғаныма 15 жыл болды. Қазір жанымда күйеуім де жоқ. 9 жылға сотталып кетті. Үй кезегі жылжымайды. Бұрын 90 болған, әлі сол», — дейді көпбалалы ана Аида Боранбаева.

Ал босағадан бастап ас бөлменің еденіне дейін төсек салып ұйықтаймыз деген көпбалалы ана әкімді үйіне алып барып, жағдайын көрсетті. 

«Осындай жағдайларды ескеріп, мәселелеріңізді шешеміз. Күтіңіздер», — дейді Текелі қаласының әкімі.

Әкімді үйіне алып барды: Алматы облысында баспанасыз жүрген көпбалалы аналар жанайқайын жеткізді

Көпбалалы аналар демеушілердің көмегімен берілетін баспаналардың кімге бұйыратынын өзіміз шешсек дейді. Себебі меценаттар әр көпбалалы ананың жағдайымен таныс емес, дейді. 

Ал бір ғана  Текелі қаласы бойынша 170 көпбалалы ананың баспанасы жоқ екен. Ал пәтер кезегіне 68-і ғана тіркеліпті. Мемлекеттің ақшасына салынған үйлер кезекте тұрғандарға кезекпен берілетінін айтқан әкім «тығырықтан шығудың жолын іздестіріп жатырмыз» дейді.

stan.kz