Алматы облысында баланы өз иті талап өлтірді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

https://sputniknews.kz/images/809/29/8092981.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20191211/12262474/Almaty-bala-it.html

Ит ұлға ата-анасы жұмыста болған кезде шабуыл жасаған. Осыдан кейін үй жануары ұйықтатылған екен. Оқиға Алматы облысында болды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысының полициясы өз иті талап тастаған оқушының қазасына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға 30 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданында болған.

Неміс овчаркасы сегіз жасар ұлды талап өлтірген.

Тағы оқыңыз: Бір үйір қасқыр екі итті жарып кетті – видео

Баланың денесі Шелек ауылындағы жеке үйлердің бірінен табылыпты. Иттің балаға оның ата-анасы жұмыста болған кезде шабуылдағаны анықталды.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұл факт бойынша тергеу облыстық департамент бақылауында тұр. Бұған қоса, полиция арнайы қызметтердің итті ұйықтатып тастағанын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қаңғыбас ит тамақ сұрау үшін ешкім ойламаған қулыққа барды — видео

 



sputniknews.kz