Алматы облысында ауруханаға температурамен түскен 5 айлық сәби, 3 сағаттан кейін қайтыс болып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Алматы облысында 5 айлық қыздың өлімі тергелуде. Шелек ауруханасына жоғары дене температурасымен түскен сәби үш сағаттан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды. Ал туыстары баланың дүниеге дені сау келгенін және одан кейін ешқандай асқынудың болмағанын айтады. Олар аяқ асты көз жұмған кішкентай қыздың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Бірақ, дәрігерлердің қорытындысы бойынша, кішкентай науқас инсульт алып көз жұмған, деп жазады Stan.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Жансақтау бөлімінде қайтыс болған сәбидің ата-анасы қызының киімі мен суреттеріне қарап, көз жастарын тыя алар емес. Қайғыдан қан жұтқан ана бір ауыз үн қата алмай, отағасы да өзін әрең ұстап отыр. Бір апта бұрын олар көздерінің қуанышы болған 5 айлық қыздарынан көз жазып қалды.

«Олар маман емес пе. Біз балаға не болғанын білмейміз ғой. Сондықтан оны ауруханаға алып кету үшін жедел жәрдем шақырдық. Фельдшер тіпті температурасын да өлшемеді. Мұндай дәрігерлерді жазалау керек»,- дейді қайтыс болған сәбидің әкесі Ерсін Бақыбаев.

Жансақтау бөлімінде көз жұмған қыздың туыстары баланың дені сау болағанын атады. 5 айлық Алина ауруханаға түсетін күні жадырап күлімдеп тұрған дейді ата-анасы. Ал кешке қыздың температурасы күрт көтеріліп, сәби ыңырси бастаған. Сонда ата-анасы жедел жәрдем шақырады. Содан кейін барлығы тез болып кетті. Ауруханаға жеткізілген кішкентай бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, үш сағат өткеннен кейін жүрегі тоқтап көз жұмған.

«Олар аппаратқа уақытында қосқан жоқ. Мен онымен жанында 30 минут бойы тұрдым, сосын 50 минут қарап жүрдім. Сонда олар беске дейін не істеді? Дәрігерлердің айтуынша, олар қызымды аппаратқа қосқан, бірақ мен қоспағандарын көрдім. Олар баланың көктамырын іздеді. Менің ойымша, олар уақытты жіберіп алды»,- деді қыздың анасы Айнұр Сыбанбекова.

Жылап-еңіреген ана бір апта бойы аудандық аурухананың табалдырығын тоздыруда. Әйел әлі күнге дейін қызының неден қайтыс болғанын білмейді. Ол дәрігерлер қызы ауруханаға түскен кезде диагноз қоя алмады дейді. Қызын қараған дәрігерлер қан қысымы, пневмония және тұмау туралы айтқан. Бірақ бәрі әлдеқайда күрделі болып шықты.

«Мұндай диагноз болмаған. Алдын ала диагноз гипогликемиялық кома, мидың ісінуі, оған қоса  инсульт, миға қан кету болуы мүмкін. Бұл кенеттен пайда болды. Ол көңіл-күйдің аясында, тіпті бір сағаттың ішінде болады, бұл инсульт емес пе»,-   деді Алматы облысына қарасты Шелек аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Қайрат Мұсаханов.

Ал дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасадық деп сендіреді. Бірақ 5-айлық Алинаны құтқару мүмкін болмады. Бірақ, сәбиінен айырылған ата-ананың айтуынша, көмек өте кеш келген.

 

stan.kz