Алматы облысында аудан әкімнің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді

0

Ол демеушілік жасағаны үшін бірнеше рет жалпы білім беретін мекемелердің басшыларынан пара алды деп күдіктелініп отыр.

Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ресми өкілі Жанна Бастарова хабарлады. Әкім орынбасары жүйелі түрде пара алды деп күдіктелініп отыр.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментімен Алматы облысы Үйғыр ауданы әкімінің орынбасарына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр. Ол демеушілік жасағаны үшін жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр», — деді спикер.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz