Алматы облысында атып өлтірілген адамның мәйіті табылды
Жаркенттен табылған мәйіт туралы хабарлама Панфилов аудандық полиция бөліміне 2021 жылы 3 қаңтарда түскен.
Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы жәбірленушіні анықтады, ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
«Қазір қылмыстың беті ашылды. Оны жасады деген күдікпен Жаркент қаласының екі тұрғыны ұсталды. Ер адамдар өздерінің дұшпандық қарым-қатынастары үшін кісі өлтіргенін мойындады. Күдіктілердің айғақтары мұқият тексеріледі. Олар уақытша ұстау абақтысына қамалды» деп хабарлайды Алматы облысының ДП баспасөз қызметі.
Тиісті сараптамалар тағайындала отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды .