Алматы облысында «Ashyq» арқылы карантин талабын бұзғандарға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

0

Алматы облысында «Ashyq» арқылы карантин талабын бұзған 3711 тұрғын анықталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, өңірде «Ashyq» пилоттық жобасының 9884 қатысушысы бар. Мониторингтік топ шағын және орта бизнестің 6378 субъектісін қамтып, қосымшаның талаптарын бұзған 1108 нысанды «Ashyq»платформасынан шығарды.

«Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша 2021 жылдың 10 маусымы мен 6 қазан аралығында Алматы облысы азаматтарының арасынан санитариялық-карантиндік режимді бұзған 3711 тұрғын анықталды. Оның ішінде, «қызыл« мәртебесі бар — 2770 адам және «сары« мәртебесі бар — 941 адам тіркелді.

«Қызыл« мәртебесі бар тұлғаларға қатысты 5 338 110 теңге сомасына 122 айыппұл салынды. Сондай-ақ, «сары« мәртебесі бар азаматтарға қатысты үй карантинін сақтау қажеттілігі туралы талаптары бар 381 қаулы берілді», — делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.