Алматы облысында аса қауіпті қылмыскер ұсталды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Талдықорғанда екі адамды өлтірді деп айыпталып, халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Алматы облысында кісі өлтірді деп айыпталған аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстанның 35 жастағы азаматы 2016 жылдың тамызында Талдықорғанда екі кісі өлтірді деп айыпталған.

«Оны Алматы облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұстады», — делінген ақпаратта.

Талдықорған қалалық сотының тергеу судьясы 2016 жылдың 11 қазанында Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігіне («екi немесе одан көп адамды өлтіру») сәйкес қозғалған қылмыстық іс бойынша оны күзетпен ұстауға шешім қабылданды.

Қауіпті қылмыскер үш жылдан астам уақыт іздеуде жүрген. Тұрғылықты жері мен жұмыс орнын бірнеше рет ауыстырғандықтан, оның нақты мекенжайын анықтау мүмкін болмаған. Сонымен қатар ол есепке тұрудан жалтарған.

Оқи отырыңыз: Алматыда сегіз жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды — видео

Енді ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отырған шетел азаматы сот алдында жауапқа тартылады.



sputniknews.kz