Алматы облысында аса қатыгездікпен кісі өлтірген күдікті ұсталды

0

Жан түршігерлік қылмысқа екі адамның бірігіп ішімдік ішуі себеп болған.

Алматы облысының полицейлері аса қатыгездікпен 37 жастағы әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында 45 жастағы ер адамның зардап шегушімен азаматтық некеде тұрғаны анықталды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, оқиға Қарасай ауданында орын алған. 26-қаңтар күні Жаңатұрмыс ауылындағы үйлердің бірінде пышақ жарақатын алған үй иесінің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Жәбірленушінің бет-әлпетіне пышақ жарақаттары салынып, бұзылған.

«45 жастағы ер азамат аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті Қарасай ауданы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнынан қылмыс құралы болуы мүмкін ас үй пышағы табылды. Тәркіленген пышақ айғақзат ретінде тергеу материалдарына тіркелді», — деп хабарлап отыр Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қылмыс ерлі-зайыптылардың алкогольдік ішімдікті бірігіп ішу нәтижесінде туған жанжалдың барысында орын алған. Күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/