Алматы облысында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатыр

Жаттығу барысында шектеу шаралары қарастырылуы мүмкін.
Алматы облысының Ескелді ауданында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz облыстың Ескелді аудандық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 2019 жылғы 15 наурыз күні Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында жоспарлы жедел оқу-жаттығулары өтіп жатыр, — делінген хабарламада.
Айта кеткен жөн, оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатыны хабарланып отыр. Қаладағы көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелер ішінара жабылуы мүмкін.
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, жаттығу мақсаты — адамдар көп шоғырланатын орындарда террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерден өткізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жаттығу кездерінде сабыр сақтауларыңызды сұраймыз.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz