Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге қонды

0

Алматы облысында Ан-2 ұшағы Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерге мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұшақ бортында 5 адам болған.

«Азия Континенталь» әуе компаниясының Ан-2 әуе кемесінің Боралдай — Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсі Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км мәжбүрлі түрде қонды, делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.