Алматы облысында алты айлық нәресте коронавирус жұқтырды — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында коронавируспен ауырған тағы 11 науқас тіркелді. Олардың арасында алтық айлық нәресте бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

атырау

Іле ауданының он тұрғыны, Еңбекшіқазақ ауданының бір тұрғыны індетке шалдыққан.

Белгілі болғандай, Іле ауданында ауырғандардың барлығы да бұған дейін сырқаттанғандармен тығыз қарым-қатынаста болған. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны учаскелік дәрігерді үйге шақырған соң анықталған. Ауырған — 6 айлық бала. Сырқаттармен қарым-қатынаста болған барлығы 44 адам анықталды, олардың барлығы да оқшауландырылды, бірқатары үй карантиніне алынды, вирус шыққан үй ошақтары, науқастар тұратын подъездерге дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Бүгінгі күні Алматы облысында барлығы 97 коронавирус жұқтырған науқас тіркелді.

 

 

stan.kz