Алматы облысында айыппұлы бар жүргізушілер жауапқа тартылуда

Жыл басынан бері бейнекамералар арқылы жүргізушілерге 34 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.
Алматы облысында тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін бұзып, салынған айыппұлды төлеуден жалтарған жүргізушілерді анықтау іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық Полиция депатраментінің баспасөз қызметінің мәліметнше, сот орындаушыларымен бірлескен іс-шара өңірдің барлық автожолдарында жүргізілуде. Шара барысында айыппұл салынған көліктерді «Крис-П» жылжымалы фоторадар кешені айқындады.
«Жыл басынан фото-бейнетіркеу камералары арқылы анықталған жол ережесін бұзу деректері бойынша 34 миллионнан астам теңге айыппұл салынған. Белгіленген мерзімде төленген айыппұл шамамен 1 миллион теңге. Осыған орай, жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру жүргізілуде. Негізінен, «шектеу қойылған» көліктерді іздестіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ескертуді елемеген көліктер арнайы тұраққа қойылады», — деп хабарлады Әкімшілік полиция басқармасының арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Владимир Кострицын.
Бір күн ішінде «Алматы-Көкпек-Көктал» және «Алматы-Бішкек» автожолында құқық қорғау органдары 100-ге жуық тәртіп бұзушыны анықтап, кейбір көліктерді арнайы автотұраққа жіберді.
«Арнайы тұраққа қойылған тәртіп бұзушының автокөлігі салынған айыппұл санкцияларының сомасы толық өтелгеннен кейін ғана иесіне қайтарылады», — деп толықтырды полиция өкілі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz