Алматы облысында әйелдерге қырғидай тиетін таксист ұсталды

0

Такси жүргізушісі әйелдерді зорламақ болған, бірақ қатты қарсылық көрген соң, бағалы заттарын тонап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Алматы облысында жолаушы әйелдерді тонады деген 27 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды inAlmaty.kz өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 маусымда полицияға Қызылжар ауылында тұратын әйел шағым түсірді. Оның айтуынша, такси жүргізушісі тонап, зорламақ болыпты. Қаскүнем телефон мен 92 мың теңгені тартып алған екен.

Тағы оқыңыз: Такси жүргізушісі жолаушы әйелді зорлап, кейін үйіне жеткізіп салған

Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні қолға түсірді.

«Тексеріс барысында ұсталған азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Ол биыл мамырда Есік қаласында тұратын жас қызды тонаған. Екі жағдайда да күдікті әуелі әйелдерді зорламақ болыпты, бірақ олар қатты қарсылық көрсеткен соң, жәбірленушілердің әшекей бұйымдары, ұялы телефондары мен ақшалай қаражатын тонап кеткен», — деп хабарлады ведомство.

Қазір ер адам уақытша ұстау абақтысында отыр. Тергеу барысында оның басқа қылмыстарға қатысы бары анықталады.



sputniknews.kz