Алматы облысында 5 әйелге бала тапқызып, алдап кеткен ер адам шу шығармауын сұраған – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында бес әйелді жүкті етіп, 6 бала тапқызған ер адамды алданған әйелдер іздестіріп жатқан еді. Таяуда Рамиль Байрамовтың өзі әйелдердің бірімен байланысқа шығып, шу шығармауын сұраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы облысында 5 әйелге 6 бала тапқызып, алдап кеткен ер адам шу шығармауын сұраған

Алданған әйелдердің бірі Әнел Оразбаеваның сөзінше, Байрамовтан зардап шеккендерден түскен шағымның бәрін бір өндіріске біріктіріп, «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғауы мүмкін. 

Белгілі болғандай, таяуда Байрамов Әнелге хабарласып, ұлынан бас тартпайтынын, ол ер жеткенде тауып алатынын айтқан. Өз сөзінде Әнел ұлын жасырып жүрмегенін, оның әкесімен араласқанына қарсы еместігін айтыпты. 

Әнелдің сөзінше, артынша Рамиль қарызын ай сайын төлеп отыратынын айтып, шу шығармауын сұраған. 

Алайда Әнел бұрынғы сүйіктісінің мұндай ұсынысымен келіспей отыр. Себебі ол бұрын да уәдені үйіп-төгіп, сөзінде тұрмаған. Осы себепті Әнел қарызын толық қайтаруды талап етіпті. Алайда Байрамов телефон тұтқасын қоя салған.

Анықталғандай, қазіргі уақытта ер адам әлі де Шымкентте жүр екен. 

Ер адамның құрбан болған Юлия Николенко оған жарты миллион теңгесін жұмсапты. Сонымен қатар ағасы Рамильге көлігін сатып, ақшасын бөлшектеп төлеуге келіскен. Алайда мұнан кейін Байрамов ұшты-күйлі жоғалып кетіпті. 

Өз сөзінде Юлия Рамильді қамауға алғанын қалайтынын айтты. Себебі оның ақшаны қайтаратынына сенбейді. Ол ер адамға басқа да әйелдер алданып қалмаса екен деп отыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында ер адамның 5 әйелді алдап кеткенін хабарлаған едік. Алданған әйелдер одан 6 бала тапқан. Сонымен қатар ақшасынан айырылып, қарызданып қалыпты. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз