Алматы облысында 385 мектеп цифрлық білім беру ресурстарына қосылған
Бүгінгі күні Алматы облысында 423 бюджеттік мектеп пен 44 колледж бар. Заман талабынай сай облыстағы барлық мектептер 100 пайыз компьютерлік техникамен жабдықталған және интернет желісіне қосылды.
Аймақтағы білім ұясының, яғни мектептердің 396-cы «Күнделік» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қосылған. Сонымен қатар, BilimLand жүйесіне 348 білім беру ұйымы, Daryn.online.kz-ке 1 мектеп тіркелген. Жылпы саны өңірдегі 385 мектеп цифрлық білім беру ресурстарына қосылды.
Биыл өңірде 20 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 12-ін биыл, 8-ін келер жылы ашылады.
Жаңа оқу жылында 1300 орындық 2 мектеп, сондай-ақ, 250 орындық 2 жекеменшік мектеп, қолданысқа беріледі. Қалған 10-ы жыл соңына дейін оқушыларға есігін айқара ашпақ. Сонымен қатар 18 білім беру нысанына 8,7 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оның 3-інде жөндеу жұмыстары аяқталған.
Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға 736 млн. көмек көрсетілді. Оқулықтар сатып алу және кітап қорын жаңарту үшін 2,7 млрд теңге бөлінді. Өңірдегі аз қамтылған отбасыдан шыққан 27 765 баланы тегін мектеп формасымен және кеңсе заттарымен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бір балаға мектеп формасын 37 500 теңгеге алуға болады», — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Тастандынқызы.