Алматы облысында «30 жылдыққа 30 игі іс» акциясы басталды

0

Алматы облысы, Панфилов ауданында ауылшаруашылық саласының ардагерлері марапатталды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Оларға «Еңбек даңқы» төсбелгісі тарту етілді. Жаркент және Жаскент ауылындағы төрт отбасына үй берілді. Қоныс тойын тойлағалы жатқандардың бірі — Жәмилә Әскербек. Екі баланың анасы үй шаруасымен айналысады. Ал отағасы мал бағады екен.

«Көп армандадық. Қалалық жерден үй беріледі дегенді естіп қуанышымды жасыра алмай отырмын. Мұндай үйге жеткен де, жетпеген де бар ғой. Бұйырса, балаларымызды осы жерде оқытамыз», — Жаскент ауылының тұрғыны Жәмилә Әскербек.

Сонымен бірге жергілікті шаруа қожалығы өз жұмысшыларына салып берген 114 шаршы метрлік баспанада тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған.

«Қарашаның сегізінен бастап желтоқсанның 16-на дейін ауызсу құбырын жүргізу, ауылға жарық жүргізу, сонымен қатар спорт мектептерін ашу, өзге де түрлі мәдени іс шаралар, жарыстар бар. Соның барлығын топтастырып, 30 жылдыққа арнайы акция өткізіп жатырмыз», – деді «Ауыл» ХДПП хатшысы Анас Ахатұлы.