Алматы облысында 3 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Алматы облысында із-түзсіз жоғалған үш жасар қыз 24 сағаттан аса уақыт бойы іздестіріліп жатыр. Ол 17 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында жоғалған. Қыздың анасы кешке полицияға хабарласқан.
«Полицияға Күш ауылының 40 жастағы тұрғыны хабарласып, 17 наурызда сағат 16:00 шамасында үш жасар қызы үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағанын айтты. Бұл дерек дереу аудандық полиция бөліміне тіркелді. Арнайы жасақ инспекторлары, кинологтар, жергілікті ПБ және жедел бөлім қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Қазір арнайы дайындалған иттер арқылы ауқымды іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.