Алматы облысында 22 жастағы бойжеткен сиыр өсіріп, бизнеспен айналысып отыр – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында 22 жастағы қыз мал өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қос бірдей дипломы бар қыз неліктен  ірі қара өсіруді қолға алғанын айтты.

 

Ақтоты Тұрсынәлі өмірлік бағытын күрт өзгертіп, атакәсіпке ден қойған. Ол қазңр өркениетті елдерден жырақта мал бағып жүр. 70-тен асқан әкесін ақылшы қылған қыз агронеси корпорацисына дән риза, деп хабарлайды 31 арна.

«Бұған аграрлық несие корпорациясының көмегі болды. Ісімнің жүзеге асуына жәрдем етті. Соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасы. Осы қожалықты өсіріп, өркендетуге мақсат қойдым», – дейді «Ақтоты» қожалығының иесі. 

Ірі қараға ықыласы ауған сиыршы қыз қазақтың ақбас тұқымын Ресейдің Волгоград облысынан 21 күн жүріп әкелген. 80 аналықты Іле ауданына жеткізген. 

Шетелден ірі қара әкелуді жолға қойған ауыл шаруашылық министрлігі 10 жылда 1 млн ірі қара әкелуді мақсат етеді. Сол үшін «Сыбаға» бағдарламасының талаптары да қарапайым. 4 пайызбен беріледі. 70 млн теңгеге дейін несие беріледі. Кепілдікке малдың өзін қоюға болады. 

 

 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз