Алматы облысында 22 мыңға жуық адам қатаң карантинге алынды

0

«Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде жиырмадан астам көп қабатты үй орналасқан, 5 088 пәтерде 22 мыңға жуық адам тұрады

АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Алматы облысында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Іргелі ауылында орналасқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешені жабылды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғын үй кешенін жабуға тұрғындар арасынан екінші науқастың тіркелуі себеп болды. Жуырда 61 жастағы әйелде инфекция расталған болатын. Мұның алдында ауру табылған аяғы ауыр әйел де осы тұрғын үй кешенінде тұрған.

«Тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Мұнд адәрігерлік амбулатория ұйымдастырылады, ол жерде осы ықшам ауданның тұрғындары үшін медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сату ұйымдастырылады. Сондай-ақ, санитарлық өңдеу жүргізіледі. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Тағы оқыңыз: Үйдегі ауаның ылғалдылығы вирустың таралуына қалай әсер ететіні анықталды

Ресми ақпаратқа сәйкес, «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде жиырмадан астам көп қабатты үй орналасқан, 5 088 пәтерде 22 мыңға жуық адам тұрады.

Қазір Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тоғыз адам тіркелді.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз