Алматы облысында 2 адам өлтіріп 15 жылға сотталған азамат 3 жылдан кейін босатылған
Алматы облысында екі адамды өлтіргені үшін сотталған азамат мерзімінен бұрын босатылды. Марқұмдардың туыстары сот шешімімен келіспей отыр, деп хабарлайды Астана арнасы.
Оқиға 2018 жылдың мамыр айында болған. Есік қаласының дәмханасында бірнеше ер адамның кездесуі пышақтасу мен атысқа ұласқан болатын.
Төбелес салдарынан полиция майоры Ержан Баймахан мен оның досы Қуаныш Рыспеков көз жұмды. Сотта Амир Әбубәкіров пен Олжас Мейірқановты айыпты деп танылып, сотталған.
Мейірқанов 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірақ ол осы мерзімнің үш жылын ғана өтеген. Іс қайта сарапқа салынды.
Егер бұрын оған бұзақылық ниетпен кісі өлтірді десе, енді «қажетті қорғаныс шегінен асып кетті»деген бап бойынша айып таққан.
Көз жұмған полицейлердің туыстары бұл шешімге наразы болып отыр. Олар өлімге кінәлілерді қатаң жазалауды талап етеді.
«Үш жыл отырды. Біз әділеттілікті қалаймыз. Өз мерзімін өтеп, істің қайта қаралғаны керек. Себебі алты балам жетім қалды. Біз келіспейміз. Жалпы заң жоқ, әділеттілік жоқ. Олар бостандықта жүреді, ал біздің күйеулерімізді қайтару мүмкін емес», — дейді қаза тапқан полицейдің жесірі Айжан Қыдралиева.
Марқұмның туыстары Мейірқановқа қатысты істі Жоғарғы Сот қайта қарағанын білді. Қаза тапқандардың жұбайлары бұл шешімге наразылық білдіргісі келген. Алайда әйелдердің айтуынша, олардың сот отырысына қатысуына рұқсат берілмеген.
«Ержанның әйелі екеуміз жәбірленуші ретінде қатысуға өтініш бердік. Алайда өтінішімізді орындаудан бас тартты. Алғашқы сотқа біздің қайын енелерімізге қатысуға рұқсат берді. Бірақ менің қайын енем қайтыс болып кеткен. Ал Ержанның анасы қазір ауырып жатыр. Сотқа қатыса алмайды. Белгіленген он бес жылдың тек 3 жылын өтеді. Бұл қандай да бір абсурд», — дейді қаза тапқан азамат Рыспековтың жесірі Гүлмира Рыспекова.
Сондай-ақ, әйелдер белгісіз себептермен бұл іс бойынша екінші сотталушының бостандықта болғанын хабарлады.
«Белгісіз себептермен Әмір Әбубәкіров бірнеше ай үйде болды», — дейді қаза тапқандардың жұбайлары.
«Мен оның бостандықта жүргенін кездейсоқ білдім. Бұл сол жылы, қарашада немесе қазан айында болды. Содан кейін дереу наразылық білдірдім. Неге сот менің қатысуымсыз, жәбірленушілер тарапының қатысуынсыз өткенін хабарламады. Мен оның шығуына қарсы болдым. Оған ең аз мерзім, 8 жыл тағайындалды. Сот менің өтінішімді қанағаттандырғаннан кейін де, шешім орындалмады. Ол тағы 2 немесе 3 ай бостандыққа жүрді», — дейді Гүлмира Рыспекова.
Жоғарғы Сот журналистердің ресми сұрауына Әбубәкіровтің қазір орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқанын хабарлады. Оның алда тағы 5 жылы бар. Ал Мейіркановқа келетін болсақ, оған қатысты іс қайта қаралған.
«Сотпен О.К. Мейрхановтың жәбірленуші Баймаханды өлтіруге ниеті болмағаны анықталды. Қайтыс болған Баймахан мен басқа да жәбірленушілер мас күйде болғанда, Мейірқанов сау болған. Жәбірленушілер Мейірқановтың туысы мен оның достарын кафеде ұрған. Мейірқанов алдымен жәбірленушілердің аяғына оқ атқан. Қ.Жұманның айғақтарымен, көптеген куәлармен және сот-медициналық, баллистикалық сараптамалардың қорытындыларымен дәлелдерімен оның кісі өлтіруге ниеті болмағаны анықталды», — деп хабарлады Жоғарғы Сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті.