Алматы облысында 17 жастағы жігітті атып кеткен күдіктілер ұсталды
Алматы облысында 17 жастағы жігітті атып кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Kznews.kz Adyrna.kz порталына сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, 5 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйдібек Би ауылында түнде оқушылар арасында төбелес болды. Сол кезде мылтықтан оқ атылды. Бір үйдің ауласында 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды. Денесінде оқ жарақаты болған.
Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды, — дейді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 293 – бабы (Бұзақылық) бойынша жауапқа тартылғандар бар.
Адам өлтіру бабы бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
фото: pravo.moe