Home Жаңалықтар Алматы облысынада 5 көлік соғылып, үш адам қаза тапты

Алматы облысынада 5 көлік соғылып, үш адам қаза тапты

0
164

Алматы маңында жол апаттынан үш адам мерт болып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KzNews облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жол апаты 5 сәуірде түнде Алматы облысының Өтеген батыр ауылына кіре беріс жерінде болды. Жылдамдықты тым асырған RX300 жүргізушісі белгісіз себеппен қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Golf» көлігін соқты. «Lexus» онымен тоқтамай, қарсы бағыттағы жолда келе жатқан «Pontiac Vibe» көлігін бір түйреп өтіп, жылдамдығы басылмаған күйі Audi 100 көлігін қоса соқты. Қатты соққыдан Audi аударылып қалды. Одан кейін «Lexus» барып «Hyundai Accent» көлігін соғып, аударылған»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Апат салдарынан үш адам қаза тапты. «Audi» көлігінде отырған жүргізуші мен мен оның жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Кейінірек ауруханада «Hyundai» жүргізушісі де жан тапсырды. Ал, «Lexus» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы түрлі дене жарақаттармен Өтеген батыр кентіндегі ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Тергеу барысында оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталады.