Алматы облысына локдаун енгізіледі

0
397

Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді.

Соңғы аптада коронавирустық жағдайлардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6% құрады, тәулігіне 99 жағдай тіркелді. Инфекциялық аурухананың жүктемесі – 43%, реанимациялық төсектер – 15%. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Аймақ басшысының айтуынша, жұқпалы ауруханада төсек саны 412-ге көбейтіліп, 1550 бірлікті құрайды.

Аймақта ауру санының өсуіне байланысты карантин режимі күшейтілді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни бірлестіктердің, қоғамдық монша мен көліктің жұмысы толу коэффициентін ескере отырып, сағат 17.00-ге, ойын-сауық мекемелері мен мейрамханаларға – 21.00-ге дейін шектелген. Демалыс күндері аймақта толық локдаун енгізіледі.

Алматы мен облыс арасындағы халықтың көші-қонының жоғары болуына байланысты аурудың көбеюі қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында байқалады. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту туралы жеке қаулылар қабылдады, деді Баталов.