Алматы облысына локдаун енгізіледі
Алматы облысында карантиндік шаралар күшейтілді.
Соңғы аптада коронавирустық жағдайлардың өсу қарқыны Алматы облысында 0,6% құрады, тәулігіне 99 жағдай тіркелді. Инфекциялық аурухананың жүктемесі — 43%, реанимациялық төсектер — 15%. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Аймақ басшысының айтуынша, жұқпалы ауруханада төсек саны 412-ге көбейтіліп, 1550 бірлікті құрайды.
Аймақта ауру санының өсуіне байланысты карантин режимі күшейтілді.
Мектепке дейінгі ұйымдардың, қоғамдық тамақтану объектілерінің, діни бірлестіктердің, қоғамдық монша мен көліктің жұмысы толу коэффициентін ескере отырып, сағат 17.00-ге, ойын-сауық мекемелері мен мейрамханаларға — 21.00-ге дейін шектелген. Демалыс күндері аймақта толық локдаун енгізіледі.
Алматы мен облыс арасындағы халықтың көші-қонының жоғары болуына байланысты аурудың көбеюі қала маңындағы Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында байқалады. Осыған байланысты бас санитарлық дәрігерлер шектеу шараларын күшейту туралы жеке қаулылар қабылдады, деді Баталов.