Алматы облысы Ұзынағаш ауылында көп қабатты ғимараттар бой көтере бастады

0

Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылында алғаш рет көп қабатты ғимараттар тұрғызыла бастады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Бұған дейін елді мекенге тек жер үйлер ғана салынып келген.

Қазір аталған аймақта бес қабатты үш үйдің іргетасы құйылып жатыр. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.

Сол кезде мемлекеттік бағдарламамен үй кезегінде тұрған 180 адам баспаналы болмақ.

Сонымен қатар 1 500 балаға арналған білім ордасы салынып жатыр. Мектепті келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Нысандардың бой көтеруімен жаңа шағын ықшам аудан құрылады.

«Осы бес үйді салсақ мына жерден жеке кәсіпкер тағы осындай бес қабатты, бес қабатты үш үй салам деп уәде берген. Арт жағынан үш гектар мектепке жер алып қойғанбыз, мектеп құрылысы жүреді. Өзінің жеке қазандығы және жеке кәріз жүйесі болады. Соның бәрі инженерлік жоба дедім ғой сол жерде қарастырылған», — деді Жамбыл аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Марат Нәбиұлы.