Алматы облысы прокурорының орынбасары және Талғар ауданының прокуроры қызметтерінен босатылды

0

Алматы облысы прокурорының орынбасары және Талғар ауданының прокуроры қызметтерінен босатылды.

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды. Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болды», — деп хабарлады жұма күні Бас прокуратура.