Алматы облысы колониясы басшысының орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

0

ҚАЖД №14 мекемесі басшысының Алматы облысы бойынша орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады облыс прокуратурасы.

«13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп – тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД №14 мекемесі бастығының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады», — делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіледі.
Басқа ақпарат жария етілмейді.

фото: liter.kz