Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды

0

Алматы облысында Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақпаратты 4 қыркүйекте Сыбайлас кемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі растады.

Тергеу билік пен лауазымдық өкілетін асыра теріс пайдалану фактілері бойынша жүргізілмек.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарады. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.