Алматы неге жарықсыз қалғаны белгілі болды

0

2-ші ЖЭС-тағы техникалық ақау салдарынан мегаполис жарықсыз қалған

Алматы қаласының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы мегаполистің неге жарықсыз қалғанын түсіндірді.

«Бүгін 15 шілде күні сағат 14:14-те «АлЭС» АҚ  2-ші жылу электр стансасында техникалық бұзылу болды. Салдарынан қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта 2-ші жылу электр стансасында КЛ-220 кВ бойынша  электр энергиясы берілді. Сондай-ақ қаланың сыртқы желілері(KEGOC 220 кв желісі) бойынша Алматы жарыққа қосылып жатыр. Алдағы 1-1,5 сағат ішінде қалпына келеді», – делінген хабарламада.

Электр энергиясы сағат кешкі 17:00 кезінде толық қалпына келеді.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз