Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілерде саяси талаптар айтылды
Маусымның 30-ы күні таңертең Алматыдағы «Сарыарқа» кинотеатрының артында шамамен 900-ге жуық адам қатысқан митинг өтті. Онда елдегі саяси жүйені өзгерту, жаңа Конституция қабылдау, саяси тұтқындарды босату, Арыс оқиғасы және тағы басқа мәселелер айтылды. Жексенбі күні Нұр-Сұлтанда да билікшіл белсенділер митинг өткізді.