Алматы мен Нұр-Сұлтанда валюта айырбастау пункттері жабылды

0

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Қазақстан үкіметінің шешімімен карантинге жабылған қалаларда бірқатар кәсіпорын мен ұйымның жұмысы тоқтатылды

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері бір апта бойы жабық болады. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев хабарлады.

«Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірде-бір айырбастау пункті жұмыс істемейді. Қалғандары күнделікті режимде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді», — деді Арчин Галимбаев.  

Еске сала кетейік, 27 наурызда Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек

Меншік нысанына қарамастан, барлық кәсіпорын мен ұйымның қызметі тоқтатылды. Бұл шектеудің орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарына қатысы жоқ.

Банк қызметтерін тек бас кеңселерде сағат 10:00-ден 16 00-ге дейін алуға болады. Банкоматтар жұмыс істейді.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 293-ке жетті. 



sputniknews.kz