Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тегін экспресс-тестілеуден өту басталады – Қазақстан жаңалықтары

0
41

13 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавирусқа тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Мемлекеттік комиссияның жедел штабының мәліметінше, тестілеуден өту үшін пациент www.cdl.kz сайтында сауалнаманы толтыру керек.

Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдар тобының эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді жүргізеді; бұдан әрі бекітілген тізімдер «ОЛИМП»клиникалық-диагностикалық зертханасына жіберіледі.

Бекітілген тізімдегі пациентке  байланыс орталығының операторы хабарласып,  қабылдау пунктінің мекен-жайын, келу уақыты, келушілерге қойылатын талаптар және талдауларды тапсыру кезіндегі тәртіп ережелері туралы ақпарат береді.

  • Оператор көрсеткен емдеу бөлмесіне бетперде киіп, жеке куәлікпен, кешікпей келу керек;
  • Кезекте пациенттер арасындағы қашықтық 1,5 – 2 метр болуы керек;
  • Процедуралық кабинетте тіркеуден өту керек, содан кейін коронавирусқа экспресс-тестілеу алынады;
  • Талдау нәтижесі сауалнаманы тіркеу кезінде көрсетілген поштаға келеді.

«Пациенттерге температураны жанаспай өлшеу жүргізіледі, жоғары көрсеткіштер болған жағдайда талдау жүргізілмейді», – деп атап өтті денсаулық сақтау министрлігінде.

Оператордың шақыруынсыз емдеу кабинетіне өз бетінше келуге болмайды.

Айта кетейік, экспресс-тестілеу арнайы бөлінген емдеу бөлмелерінде ғана өткізіледі, басқа орындарда талдау жүргізілмейді.

stan.kz